Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды

© Photo : Сайт центра развития АлматыҰлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров
Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өсеровке қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокуроры орынбасарының санкциясы келіп түсті", - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Ілияс Өсеров бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2023
Жыл басынан бері 400-ден астам жемқор ұсталды
Жаңалықтар
0