Ақмола облысында 40 көлік соқтығысты

Оқиға 3 желтоқсан сағат 13-30-да болған
Sputnik
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Ақмола облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 40-қа жуық көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 3 желтоқсан сағат 13-30-да болған.
"Біржан сал ауданындағы Қаратал және Қоғам ауылдары арасында ауа-райының нашарлауына байланысты шамамен 40-қа жуық автокөлік соқтығысқан", - дейді ведомстводағылар.
Оқиғаға себеп ауа райы дейді полициядағылар, қарға адым жер көрінбейтін түтек боран болған. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жоқ. Қазір оқиға болған жерде полиция жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанның кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді