Қазақстанның кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
© Sputnik / Санат ИмангалиевЖолдағы боран
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Жолдағы қозғалыс 2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 15:00-де ашылады деп күтілуде
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда бірнеше облыста жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Павлодар облысында
"Қызылорда - Павлодар" республикалық маңызы бар автожолының 1135-1367 шақырымында, яғни Қарағанды облысының шекарасы мен Атамекен кенті аралығындағы жол учаскесінде автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу енгізілді.
"Астана - Ерейментау - Шідерті" республикалық маңызы бар автожол учаскесінің 200-254 шақырымында, яғни Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті кентіне дейін автокөліктің барлық түріне жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында
"Астана - Ерейментау - Шідерті" республикалық маңызы бар автожол учаскесінің 16-200 шақырымында, яғни Астана қаласының шекарасы мен Павлодар облысының арасында автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу енгізілді.
"Екатеринбург - Алматы" автожолының учаскесінің 1291-1353 шақырымында, яғни Жібек жолы - Қарағанды облысының шекарасында автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында
"Екатеринбург - Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу енгізілді.
"Қызылорда - Павлодар" республикалық маңызы бар автожолының 1066-1135 шақырымындағы учаскесінде, Молодежный кенті мен Павлодар облысы арасында автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу енгізілді.