АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтар Бішкекке жеткізілді, деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.
Арнайы жабдықталған ұшақ таңертең ерте "Манас" әуежайына қонды. Жедел жәрдем оларды Ұлттық ауруханаға жеткізді, олар дәрігерлердің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзербайжан әуе желілерінің ұшағы апатқа ұшыраған болатын. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.