Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жөнелтіледі

© AP Photo / Акимат Мангистауской областиКрушение азербайджанского самолета в Актау
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
Апат болған жерден екі өздігінен жазу құралы табылды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының өздігінен жазу құралдарын Бразилияға жөнелту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Комиссия борттағы өздігінен жазу құралдарын (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
Айта кетері, Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет қара жәшіктердегі деректерді оқуға жағдай жасайды және оларды қай елде оқу қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялап, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болды.
Ақтауға Бразилиядан мамандар келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2024
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бразилиядан мамандар келді
Жаңалықтар
0