АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Оңтүстік Кореяда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі.
Ұшақ Муан әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі және 175 жолаушы болған. Қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған және салдарынан жарылған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат шассидің істен шығуынан болған.
Муан халықаралық әуежайы Сеулден 290 км қашықтықта, Чолла-Намдо провинциясында орналасқан. Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Таиланд астанасы Бангкоктан ұшып келе жатқан.
Болжам бойынша, құтқарылған екеуден басқа бортта болған 181 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Рёнхап.