https://sputnik.kz/20241229/shassi-isten-shyqqan-ontustik-koreyada-ushaq-apatqa-ushyrady--49645623.html
Шасси істен шыққан: Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Шасси істен шыққан: Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Sputnik Қазақстан
Алдын ала мәлімет бойынша, апат шассидің істен шығуынан болған 29.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-29T09:47+0500
2024-12-29T09:47+0500
2024-12-29T11:55+0500
оңтүстік корея
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1d/49645360_5:12:501:291_1920x0_80_0_0_3d4719dfa5cd9c31f57c91538b5af582.png
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Оңтүстік Кореяда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі.Ұшақ Муан әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі және 175 жолаушы болған. Қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған және салдарынан жарылған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат шассидің істен шығуынан болған.Муан халықаралық әуежайы Сеулден 290 км қашықтықта, Чолла-Намдо провинциясында орналасқан. Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Таиланд астанасы Бангкоктан ұшып келе жатқан.Болжам бойынша, құтқарылған екеуден басқа бортта болған 181 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Рёнхап.
https://sputnik.kz/20241228/toqaev-pen-putin-aqtaudagy-ushaq-apatyn-tergeu-barysyn-talqylady-49644554.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1d/49645360_68:4:453:293_1920x0_80_0_0_7d397cc1eb74d2be8366c35b85db19d3.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, ұшақ
Шасси істен шыққан: Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
09:47 29.12.2024 (жаңартылды: 11:55 29.12.2024) Алдын ала мәлімет бойынша, апат шассидің істен шығуынан болған
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Оңтүстік Кореяда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі.
Ұшақ Муан әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі және 175 жолаушы болған. Қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған және салдарынан жарылған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат шассидің істен шығуынан болған.
Муан халықаралық әуежайы Сеулден 290 км қашықтықта, Чолла-Намдо провинциясында орналасқан. Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Таиланд астанасы Бангкоктан ұшып келе жатқан.
Болжам бойынша, құтқарылған екеуден басқа бортта болған 181 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Рёнхап.