Путин мен Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатын талқылады

Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жексенбі күні телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Әзербайжан әуе жолдарының апатқа ұшырауына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Кремль.
"Путин мен Әлиев бүгін телефон арқылы сөйлескен кезде Әзербайжан әуе жолдарының ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түрлі мәселелерді талқылауды жалғастырды", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық есін жиды