Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық есін жиды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Ақтау маңында ұшақ апатынан ауыр жарақат алған 20 жастағы қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Видеоны Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады. Ақтауға жігіттің туыстары, сондай-ақ осы министрліктің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері келді.
Зардап шеккен Қырғызстанның қалған екі азаматының жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды қажет етеді.
Қырғызстан билігі оларды тасымалдауға ұшақты дайындап, дәрігерлердің шешімін күтіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
Касым-Жомарта Токаева встретил Президент России Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2024
Тоқаев пен Путин Ақтаудағы ұшақ апатының себебін анықтау жұмыстарын талқылады
Жаңалықтар
0