АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
"Бұл қиын сәтте Қазақстан үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз", — деп жазды Бектенов.
Бұған дейін премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Ақтау қаласына келген қаза тапқан жолаушылардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.
Бұған дейін Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қазақстандық әуе компанияларын тексеруге тапсырма берді.
Бұған дейін Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қазақстандық әуе компанияларын тексеруге тапсырма берді.