Қазақстандық әуе компаниялары тексеріледі – Бектенов

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейту мақсатында осындай тапсырма берді
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан - Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жергілікті сипаттағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Енді Қазақстандғы әуе компаниялары тексеріледі, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновке вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты болған жерде үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есеп берді.
© Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіБектенов Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты орнындағы жұмысы туралы есебін тыңдады
Бектенов Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты орнындағы жұмысы туралы есебін тыңдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Бектенов Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты орнындағы жұмысы туралы есебін тыңдады
"Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен түскен. Жағдай тұрақталғаннан кейін олар профильдер бойынша ауруханаға жатқызылды, науқастар толық көлемде ем алуда", - деді Олжас Бектенов.
Қазақстандық мамандардан бөлек Ресей ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан санитарлық авиация бригадасы да келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.
Көлік министрлігі де Әзербайжан үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer компаниясы келеді деп күтілуде.
Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айтуынша, бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді.
"Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралар шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет", — деп атап өтті премьер-министр.
Еске салсақ, 25 желтоқсан күні Әзербайжан астангасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады.
Аэропорт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Ақтау маңында ұшақ құлады
Жаңалықтар
0