Тоқаев жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.
ЕАЭО өзін көпполярлы әлемнің тәуелсіз орталықтарының бірі ретінде танытты - Путин