ЕАЭО өзін көпполярлы әлемнің тәуелсіз орталықтарының бірі ретінде танытты - Путин

© РИА НовостиВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өзін даму үстіндегі көпполярлы әлемнің тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін орталықтарының бірі ретінде танытты, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біздің бірлестігіміз өзін қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін орталықтарының бірі ретінде танытты. Еуразиялық одақтың қызметі сауда-инвестициялық алмасуды кеңейтуге, іскерлік байланыстарды арттыруға, ынтымақтастық байланыстарын тереңдетуге ықпал етеді. Ең бастысы, интеграциялық өзара іс-қимыл біздің бірлестікке қатысушылардың әрқайсысына нақты пайда әкеледі", - деді Ресей басшысы.
Айта кетері, Санкт-Петербург іргесіндегі Ленинград облысында ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
ЕАЭО және ТМД көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі белгілі болды
Жаңалықтар
0