Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды

Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Ақтауға Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан ТЖМ ақпарат алмасуда.
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов президентке қазіргі жағдайды баяндады