https://sputnik.kz/20241225/aqtau-manyndagy-ushaq-apaty-bektenov-prezidentke-qazirgi-zhagdaydy-bayandady-49555249.html
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов президентке қазіргі жағдайды баяндады
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов президентке қазіргі жағдайды баяндады
Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды 25.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-25T16:39+0500
2024-12-25T16:39+0500
2024-12-25T16:39+0500
ұшақ апаты
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/19/49551881_0:0:1179:663_1920x0_80_0_0_a86b070c08769da5c407af14c9f3f121.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президентке Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты қазіргі жағдай туралы хабарлады.Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды.Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20241225/toqaev-azerbayzhan-prezidentine-konil-aytty-49553111.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/19/49551881_148:0:1032:663_1920x0_80_0_0_5efd04c4e309ab2cbdc24054427221f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты, ақтау
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов президентке қазіргі жағдайды баяндады
Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президентке Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты қазіргі жағдай туралы хабарлады.
"Мемлекет басшысына үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды.
Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.
Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.