Ресейдің Оралдағы бас консулдығы ұшақ апатына байланысты дағдарысқа қарсы штаб құрды

Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Оралдағы Бас консулдығы Баку-Грозный рейсін орындаған Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырауына байланысты дағдарыстық штаб құрды.
Сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары және жергілікті билік өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін жедел түрде Ақтаудағы апат орнына қызметкерлер жөнелтілді.
Ресейдің Оралдағы Бас консулдығының жедел қызмет телефондары: 87112511626, 87058477861.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Ұшақ бортында Ресей және Қазақстан азаматтары да бар.
Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Үкімет Ақтау маңында болған ұшақ апатын тексеру үшін комиссия құрды