Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшігі" табылды

Ұшақ бортында 6 қазақстандық болған – олардың барлығы қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Құтқарушылар "қара жәшікті" Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден тапты. Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ал көлік министрі Марат Қарабаев ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапқанын айтты. Бес экипаж мүшесінің үшеуі аман қалған.
Бұған дейін ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Үкімет жанынан құрылған комиссия оқиға орнында жұмысын бастады.
Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған.
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты – Бозымбаев