Құрылыс саласын бақылау нәтижесінде 103 млрд теңге үнемделеді

Бағаны асыру ұқсас тауарлардың бағасын және басқа жеткізушілердің балама ұсыныстарын салыстыру арқылы анықталды
Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан - Sputnik. Құрылыс саласында бақылауды күшейтудің алқасында 103 млрд теңге үнемделді, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Қаржы мониторингі агенттігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы талдап, артық шығын тәуекелдерін барынша азайтты.
Нәтижесінде жыл басынан бері 61 құрылыс жобасы бойынша шығындар қысқартылып, мемлекетке шамамен 103 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

"Мәселен, Қарағанды облысында "Қарағанды Су" ЖШС негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу кезінде құбыр бұйымдарының 5 түрінің құны асыра көрсетілгені анықталды. Бағаны қымбаттату фактісі ұқсас тауарлардың бағасын және басқа жеткізушілердің балама ұсыныстарын салыстыру арқылы анықталды", - дейді ведомстводағылар.

Жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 6,1 млрд теңгеге төмендетілді.
"Сондай-ақ Ақтөбе қаласында "Моисеевкий су тартқышының құрылысы" жобасын іске асыру кезінде су резервуарларының көлемі азайтылып, бұл 827 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, шығындар 929 млн теңгеден 102 млн теңгеге дейін төмендетілді", - дейді агенттіктегілер.
Резервуарлар көлемінің өзгеруі құбырлар мен сорғылардың мөлшерін өзгертуге себеп болды, соның нәтижесінде шамамен 20 млрд теңге үнемделді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі он бір айда 10,3 пайызға өсті – Шарлапаев