Құрылыс жұмыстарының көлемі он бір айда 10,3 пайызға өсті – Шарлапаев

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп болжанып отыр
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.
Министрдің айтуынша, биылғы 11 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгеге жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артық.
"2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп болжанып отыр. Қараша айының қорытындысы бойынша 16,3 млн шаршы метр тапсырылды, жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беріледі", - деді министр.
Осы жылы барлық көз есебінен тұрғын үй құрылысын ынталандыруға шамамен 965 млрд теңге жоспарланған, бұл 160 мыңнан астам азаматтың 41 мың жаңа пәтерге қоныстануына жағдай жасайды.
Биыл мемлекеттік қолдау есебінен 22 мыңнан астам жалға берілетін пәтер сатып алуға 330 млрд теңге қарастырылып, әкімдіктерге 305 млрд теңге аударылды.
"Жыл соңына дейін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 165 млрд теңге сомасында 10 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 2% және 5% бойынша жеңілдетілген ипотекалық қарыздар есебінен бүгінгі күні 94,5 млрд теңге сомасына 7 861 қарыз берілді", - деп толықтырды Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді.
Осы жылдың мамыр айынан бастап "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 2024 жылға 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 172 млрд теңгеге 6 мыңнан аса қарыз берілді.
Жаңалықтар
0