АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Тоқаев Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Байбазаров бұл қызметке 2024 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.