https://sputnik.kz/20240206/premerdin-orynbasary--ulttyq-ekonomika-ministri-auysty-42102940.html
Нұрлан Байбазаров премьердің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды
Нұрлан Байбазаров премьердің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды
Sputnik Қазақстан
Бұл қызметке Нұрлан Байбазаров келді. Ол бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болған еді 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T18:47+0500
2024-02-06T18:47+0500
2024-02-06T20:49+0500
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/05/39094589_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7fd275d12f72e8954650c971d312f960.jpg
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.Ол 1975 жылы 10 қазанда туған.Сондай-ақ Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі, Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі, Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды.Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
https://sputnik.kz/20240206/qazaqstan-zhana-premer-ministr-tagayyndaldy-42080619.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/05/39094589_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_ef41b6c7c1dcb1b61578375df9dd3919.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау
Нұрлан Байбазаров премьердің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды
18:47 06.02.2024 (жаңартылды: 20:49 06.02.2024) Бұл қызметке Нұрлан Байбазаров келді. Ол бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болған еді
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Ол 1975 жылы 10 қазанда туған.
1997-2003 жылдары – Қазақстанның қаржы министрлігінде жұмыс істеді;
2004-2011 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ-да түрлі қызмет атқарды.
2013-2016 жылдары – ұлттық экономика министрлігінің экономика саласын дамыту депаратментін басқарды.
Түрлі жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ-да жұмыс істеген.
2016-2022 жылдары "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – басқарма төрағасы болды.
2022-2023 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың 5 қазанынан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болды.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі, Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі, Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.