Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды

Жаңа вице-премьердің кандидатурасын мәжіліс мақұлдады
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді.
"Парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды", - делінген мәжіліс хабарламасында.
Мәжілістің мақұлдауынан кейін, Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бүгін таңертең Нұрлан Байбазаровты ұлттық экономика министрі қызметінен босатты.
Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды