Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание в мажилисе
Заседание в мажилисе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2024
Жазылу
Жаңа вице-премьердің кандидатурасын мәжіліс мақұлдады
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді.
"Парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды", - делінген мәжіліс хабарламасында.
Мәжілістің мақұлдауынан кейін, Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бүгін таңертең Нұрлан Байбазаровты ұлттық экономика министрі қызметінен босатты.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2024
Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0