Бектенов жаңадан тағайындалған министрге бірқатар міндет жүктеді

Олжас Бектенов жаңа ұлттық экономика министрі – вице-премьерді таныстырды
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Үкіметтің хабарлауынша, Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты.
"Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды", - делінген үкімет хабарламасында.
Бұдан бөлек, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Нұрлан Байбазаровты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінен босатып, бұл лауазымға Серік Жұманғаринді тағайындаған болатын.
Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды