АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
37 жастағы ер адамға ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросыхалықаралық іздеу жариялаған болатын.
"2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған", - делінген хабарламада.
Күдікті биылғы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.
Ұсталған адам қазіргі уақытта қамауға алынды.