Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Еуропа мен АҚШ Украинаға қанша қаражат жұмсағанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Еуропа мен АҚШ Украинаға барлығы 310 миллиард еуро жұмсады, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Коссут радиосының эфирінде, деп хабарлды РИА Новости.
"Америкалықтармен келіссөздер кезінде мен олардан Еуропа мен АҚШ-тың Украинаға осы уақытқа дейін барлығы 310 миллиард еуро жұмсағаны туралы ақпарат алдым. Бұл өте үлкен сома, "қорқынышты" деңгейде үлкен", - деді Орбан.
Ол "егер олар бұл ақшаны еуропалықтарға беріп, оны Еуропа экономикасына салғанда энергия бағасы әлдеқайда төмен болар еді" деп айтты.
"Еуропаның экономикалық өсімі әлдеқайда жоғары болар еді және еуропалықтар бүгінгіден әлдеқайда жақсы өмір сүрер еді. Бұл үлкен сома, "ғажайып" жасауға болатындай үлкен сома", - деді ол.
Венгрия премьер-министрі сондай-ақ мұндай қаржыны Еуропалық Одаққа кіруге ұмтылған Батыс Балқан елдерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға немесе Сахель аймағынан заңсыз мигранттар ағынын азайтуға немесе еуропалық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға жұмсауға болатынын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ-та Трампқа Ресеймен келіссөздерге қатысты маңызды бір нәрсені ескеруге кеңес берді