https://sputnik.kz/20241206/aqsh-ta-trampqa-reseymen-kelissozderge-qatysty-manyzdy-bir-narseni-eskeruge-kenes-berdi-49093850.html
АҚШ-та Трампқа Ресеймен келіссөздерге қатысты маңызды бір нәрсені ескеруге кеңес берді
АҚШ-та Трампқа Ресеймен келіссөздерге қатысты маңызды бір нәрсені ескеруге кеңес берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс пен Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге қатты мәжбүр болып отыр. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің отставкадағы... 06.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-06T19:11+0500
2024-12-06T19:11+0500
2024-12-06T19:11+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
дональд трамп
украина
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_0:320:3071:2047_1920x0_80_0_0_431220af2b623419a889fbf34bab144f.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс пен Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге қатты мәжбүр болып отыр. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің отставкадағы подполковнигі Дэниел Дэвис өзінің YouTube-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Оның айтуынша, Батыс пен Украина Мәскеуді келіссөздерге отыруға көндірмесе, Киев пен оның одақтастары оңбай жеңіледі.Подполковниктің ойынша, АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп және оның командасы Ресеймен арадағы келісімнен қандай да бір нәтиже шығарамыз десе, осыны түсінуге міндетті."Оларда (Ресейдің Қарулы күштерінде — ред.) қажетті нәрсенің бәрі бар. Құрал-жабдық, логистика, солдаттар — барлығы сақадай-сай. Олар біреудің айтқанына мән бермей, бәрін қиратуды жалғастыра беруі мүмкін. Украина оған шыдай алмайды-ау", - деп атап көрсетті Дэвис.Ал Киев Ресейге қарсы әскери іс-қимылды жалғастыра берсе, ақыр соңында өз-өзіне қол салғандай болады.
https://sputnik.kz/20241115/tramp-ukrainadagy-qaqtygysty-sheshu-ushin-ayanbay-zhumys-isteuge-uade-berdi-48567503.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a54c75e389e7699825a8c2862876a202.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дональд трамп, украина
АҚШ-та Трампқа Ресеймен келіссөздерге қатысты маңызды бір нәрсені ескеруге кеңес берді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс пен Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге қатты мәжбүр болып отыр. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің отставкадағы подполковнигі Дэниел Дэвис өзінің
YouTube-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости. Оның айтуынша, Батыс пен Украина Мәскеуді келіссөздерге отыруға көндірмесе, Киев пен оның одақтастары оңбай жеңіледі.
"Ресей бір нәрсеге келісуге міндетті емес. Келіссөздерге дайынбыз дейтін шығар, бірақ оларға бұның қажеті жоқ. Батыс міндетті, келісуге міндетті. Әйтпесе, бұл соғыста жеңілеміз деген қауіп бар. Бірден. Капитуляцияны айтып отырмын", - дейді Дэвис.
Подполковниктің ойынша, АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп және оның командасы Ресеймен арадағы келісімнен қандай да бір нәтиже шығарамыз десе, осыны түсінуге міндетті.
"Оларда (Ресейдің Қарулы күштерінде — ред.) қажетті нәрсенің бәрі бар. Құрал-жабдық, логистика, солдаттар — барлығы сақадай-сай. Олар біреудің айтқанына мән бермей, бәрін қиратуды жалғастыра беруі мүмкін. Украина оған шыдай алмайды-ау", - деп атап көрсетті Дэвис.
Ал Киев Ресейге қарсы әскери іс-қимылды жалғастыра берсе, ақыр соңында өз-өзіне қол салғандай болады.