АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобының үйлестіруімен және Астана және Қарағанды қалалары бойынша ҚМА-ның мамандандырылған бөлімшесімен бірлесе отырып, QirSabyn Telegram арнасы арқылы қылмыстық жолмен ақша бопсалаумен айналысқан бір топ адам ұсталды.
"Жедел тергеу амалдары жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша және басқа да заттай айғақтар алынды. Telegram арнасының әкімшілері соттың рұқсатымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Бас прокуратура.
Ведомствода нақтылағандай, арна жасаушылар өздерінен ақша талап еткен адамдарды компроматтық сипаттағы жалған ақпарат жариялаймыз деп қорқытқан.