Қызылорда облысында 8 адамды бопсалаған блогердің ісі қаралды
© Sputnik / Владислав ВодневСуд по делу экс-министра здравоохранения Елжана Биртанова и его заместителя Олжаса Абишева
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды.
Бұл бойынша Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушіut абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан.
"Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауабымен, айғағымен, сараптама қорытындысымен, бейнежазба және қылмыстық іс материалымен дәлелденген. Ол кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесін қайтарған. Сот сотталушының кінәсін толық мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жәйлар ретінде таныды", - делінген Жаңақорған аудандық сотының хабарламасында.
Жаңақорған аудандық сотының үкімімен оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді