АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Әскери қызметшінің Астана ауруханасында баланы зорламақ болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда тарады.
Бүгін ішкі істер министрлігі фактіні растады. Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшілердің біріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Жыныстық құқық бұзушылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар жасалып жатыр, тергеу жүргізілуде", - деді Әділов.