АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделіп, жоспар 102%-ға орындалды (жоспар – 16,4 млн тонна) , деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп болжануда, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады", - деп жазылған хабарламада.
Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау тапты, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екенін көрсетеді.