Жылу-электр энергетикасы саласындағы жобаларға 58,3 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылады
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Энергетика министрлігі биыл "Жылу-электр энергетикасын дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 14 жобаны қаржыландырған.
"Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты жоба, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі қазірдің өзінде іжұмыс істеп тұр, атап айтсақ, Орал қаласының "Ақжайық" ЕТЖҚ ауданында 110/10 кВ қосалқы станса пайдалануға берілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.
2023 жылғы қарашада "Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту" жобасы сәтті іске асырылды, оның шеңберінде "Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау" бағыты бойынша ұзындығы 780 км болатын 220 кВ электр беру желісі (ЭБЖ) салынды.
"Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылады, ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 км болатын 500 кВ ЭБЖ салынады", - деп атап өтті үкімет.
Қазіргі уақытта "KEGOC" АҚ Оңтүстік аймақтың (Шу–Жамбыл–Шымкент) электр желілерін күшейту жобасын іске асыруды бастады, оның 1-кезеңі 2027 жылы аяқталады, оның шеңберінде Шу–Жамбыл–Шымкент бағыты бойынша ұзындығы 475 км 500 кВ ӘЖ салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр.
Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейту, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/-500 кВ "Солтүстік-Оңтүстік" тұрақты ток желілерін салу жоспарлануда.
Жаңалықтар
0