ЕЭК демпингке қарсы баж салығының мерзімін ұзартты

Қолданыстағы шараның мерзімі 2025 жылдың 31 қаңтарында аяқталуы тиіс еді
Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқасы Қытайдан жеткізілетін коррозияға төзімді болаттан жасалған жіксіз құбырларға салынаының мерзімін демпингке қарсы баж салығын 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды ЕЭК. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Қытайдан жеткізілетін коррозияға төзімді болаттан жасалған жіксіз құбырларға демпингке қарсы баж салығының мерзімін 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартты", - делінген хабарламада.
Қолданылған шараның мерзімі 2025 жылдың 31 қаңтарында аяқталуы керек екені айтылды. Алайда, ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіне қарау нәтижелері бойынша 2024 жылдың 25 қыркүйегінде демпингке қарсы қайталама тергеу басталғаны туралы мәлімдеме келіп түскен.
"ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық базасы қазіргі демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайта тергеу кезеңіне ұзартуды көздейді, ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс", - деп хабарлады ЕЭК.
Қытайдан келген коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстық әдіспен деформацияланған жіксіз құбырларға демпингке қарсы баж ЕЭК 2019 жылдың 3 желтоқсанындағы шешіміне сәйкес белгіленді, оның мөлшері кедендік құнның 15,5%-ын құрайды.
ЕЭК отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды