https://sputnik.kz/20241205/eaeo-otyrysynda-zeynetaqymen-qamtamasyz-etu-maselesi-talqylandy-49048693.html
ЕЭК отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
ЕЭК отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
Жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім азаматтарға одақ шеңберінде зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға және сақтауға мүмкіндік береді 05.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-05T14:57+0500
2024-12-05T14:57+0500
2024-12-05T18:19+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/01/38914612_0:1:2550:1435_1920x0_80_0_0_bb60b4bdae78816127df56052260e325.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одақ елдері қызметкерлерінің медициналық көмекке қолжетімділігі және медициналық тексеру нәтижелерін өзара тану мәселелері талқыланды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен шараға одақ елдерінен комитет мүшелері, шақырылған сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Азаматтарға одақ шеңберінде зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға және сақтауға мүмкіндік беретін жұмысшыларды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің орындалуы талқыланды. Жұмыс өтілін растау нысандарын пайдалану, сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимылдың электронды форматына көшу мәселелері қаралды.Кездесуде сондай-ақ жұмысшылар мен олардың отбасыларының жұмысқа орналасқан елдегі медициналық қызметтерге қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Ресей Федерациясындағы жұмысшылардың отбасы мүшелерін міндетті медициналық сақтандыруға баса назар аударылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/01/38914612_318:0:2233:1436_1920x0_80_0_0_49b5cb0691f34287ff1068f36a3179c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕЭК отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
14:57 05.12.2024 (жаңартылды: 18:19 05.12.2024) Жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім азаматтарға одақ шеңберінде зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға және сақтауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында зейнетақымен қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одақ елдері қызметкерлерінің медициналық көмекке қолжетімділігі және медициналық тексеру нәтижелерін өзара тану мәселелері талқыланды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен шараға одақ елдерінен комитет мүшелері, шақырылған сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Азаматтарға одақ шеңберінде зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға және сақтауға мүмкіндік беретін жұмысшыларды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің орындалуы талқыланды. Жұмыс өтілін растау нысандарын пайдалану, сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимылдың электронды форматына көшу мәселелері қаралды.
"Қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету саласында тараптар арасында трансшекаралық электронды өзара іс-қимылды орнату комиссия мен одақ мемлекеттері жұмысының басым бағыты болып табылады. Бұл жұмыстың аяқталуы құзырлы органдардың өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетеді және азаматтардың өтініштерін қарауға, сондай-ақ зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша шешімдер қабылдауға кететін уақытты қысқартады", - деді Бақыт Сұлтанов.
Кездесуде сондай-ақ жұмысшылар мен олардың отбасыларының жұмысқа орналасқан елдегі медициналық қызметтерге қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Ресей Федерациясындағы жұмысшылардың отбасы мүшелерін міндетті медициналық сақтандыруға баса назар аударылды.