АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы 8 700 шақырым республикалық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.
"3100 шақырым жолға қайта жаңарту және құрылыс жобалары жасалды. 600 шақырым жол күрделі жөндеуден, 5000 шақырым жол орташа жөндеуден өтті", - деді Иманашев.
Оның айтуынша биылғы жол-құрылыс маусымына 9100 арнайы техника, 13500 маман, 91 асфальтбетон зауыты, 83 ұсақтап іріктеу құрылғылары жұмылдырылып, 1 млн 280 мың тонна битум (оның 950 мың тоннасы отандық өндірушілерден, 330 мың тонна РФ-тен алынды) жұмсалды.