Астанада алаяққа алданған зейнеткер баспанасыз қалды

Қаскүнем зейнеткерді қымбат пәтерлерді арзан бағаға аласыз деп өз сендірген
Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Астанада 65 жастағы зейнеткер алаяққа алданып, үйсіз қалды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зейнеткер жалған құжаттарға сеніп, наурыз айында қолындағы 9 млн теңге теңгесін алаяқтың шотына аударып, жыл соңына дейін еш уайымсыз күткен. Зейнеткерді қымбат пәтерлерді арзан бағаға аласыз деп өз сендірген.
Астана тұрғыны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына арыз түсіреді. Полиция қызметкерлері арыз бойынша істі тергеп, күдіктіні бір күнде ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да тұрғындарды алдағаны анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астанада 250 мың долларды заңсыз иемденген алаяқ сотталды