Астанада 250 мың долларды заңсыз иемденген алаяқ сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Астанада пара беруге итермелеген алаяқ сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық іс Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
"Елорда тұрғыны Әбдікәрімов Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп 250 мың АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды", - дейді ведомство.
Сотталушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ол енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмір бойы қызмет атқара алмайды.
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
"Ақша аудармаңыз": Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дабыл қақты
Жаңалықтар
0