Зейнетақы қорының қаржысы қаншаға көбейді

Жыл басынан бері зейнетақы активтері 22,7 процентке өсіп, 21,8 трлн теңгені құрады
Sputnik
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай зейнетақы қорының қаржысы қаншаға көбейгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
БЖЗҚ активтері оң динамиканы көрсетіп отыр.
"Жыл басынан бері зейнетақы активтері 22,7 процентке өсіп, 21,8 трлн теңгені құрады. Ал инвестициялық табыстың көлемі бір жылдың ішінде 2,8 трлн теңгеге жетті", - деді Сүлейменов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, зейнетақы жарнасы 2,3 трлн теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 19 процентке өсті. Биыл зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғандар да аз емес. Олар барлығы 495 млрд теңгені жұмсаған.
2025 жылдан бастап жәрдемақы 6,5%-ға индекстеледі