Қазақстанда ителгі жойылып барады – Бектенов тапсырма берді

Оның санын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін ғылыми негізде шаралар қабылдау қажет, деді премьер
Sputnik
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ителгінің популяциясын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі қаралды. Премьер-министр ителгіні қорғау шараларына баса назар аударды.
"Құстың бұл түрі халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген. Ол елдегі ең ірі сұңқар болып саналады. Сондықтан оның санын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін ғылыми негізде шаралар қабылдау қажет", - деді Бектенов.
Осы орайда үкімет басшысы экология, ғылым министрліктеріне ителгінің санын анықтап, оны қайта жерсіндірудің тиімділігін бағалауды тапсырды.
Фото
Жойылып кетті деп саналған тіршілік иелері камераға түсіп қалды – фото