Қазақстанда ителгі жойылып барады – Бектенов тапсырма берді

© Sputnik / Тимур БатыршинСокол балобан в соколином центре Сункар
Сокол балобан в соколином центре Сункар - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Жазылу
Оның санын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін ғылыми негізде шаралар қабылдау қажет, деді премьер
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов ителгінің популяциясын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі қаралды. Премьер-министр ителгіні қорғау шараларына баса назар аударды.
"Құстың бұл түрі халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген. Ол елдегі ең ірі сұңқар болып саналады. Сондықтан оның санын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін ғылыми негізде шаралар қабылдау қажет", - деді Бектенов.
Осы орайда үкімет басшысы экология, ғылым министрліктеріне ителгінің санын анықтап, оны қайта жерсіндірудің тиімділігін бағалауды тапсырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Фото
Жойылып кетті деп саналған тіршілік иелері камераға түсіп қалды – фото
Жаңалықтар
0