Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 13,4%-ке артты

Ет 4%-ға, сиыр сүті 4,4%-ға және тауық жұмыртқасы өндірісі 1,2%-ға өсті
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13,4%-ке артты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Вице-министр Азат Сұлтанов үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13,4%-ке артып, 7,8 трлн теңге болғанын айтты.
Оның мәліметінше бұл өсімге өндіріс көлемі өсімдік шаруашылығы саласында 19,9%-ке, мал шаруашылығы саласында 3,2%-ке ұлғаюы сеп болған.
"Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділік 16,1 ц/га 26,7 млн тонна астық болды, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақыл және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында ет 4%-ға, сиыр сүті 4,4%-ға және тауық жұмыртқасы өндірісі 1,2%-ға өсті", — деп нақтылады Азат Сұлтанов.
Вице-премьер экономикалық өсу жағынан үздік облыстарды атады