https://sputnik.kz/20241217/vitse-premer-ekonomikalyq-osu-zhagynan-uzdik-oblystardy-atady-49340412.html
Вице-премьер экономикалық өсу жағынан үздік облыстарды атады
Вице-премьер экономикалық өсу жағынан үздік облыстарды атады
Sputnik Қазақстан
Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында толық экономикалық өсім болған 17.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-17T16:07+0500
2024-12-17T16:07+0500
2024-12-17T16:07+0500
экономика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биыл экономикалық өсу көрсеткіштерін орындаған облыстарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет аймақтардың өсу қарқынын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалайды. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік пен инвестиция бар.Ақтөбе обылысы мен Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша өсім көрсетсе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары 4 көрсеткішті орындап отыр. Ал Атырау облысында 1 көрсеткіш бойынша ғана оң өсім байқалған.Ресми мәліметке сәйкес, қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,3 проценттік тармаққа жеделдеп, 4,4 процентті құрады."Нақты сектордағы өсу 5 процентті құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 4,5 процентке артты. Биыл экономиканың өсуі толығымен мұнай емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Мұнай емес сектордың өсуі шамамен 5,1 процентті құрады", - деп түйіндеді Байбазаров.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, қазақстан
Вице-премьер экономикалық өсу жағынан үздік облыстарды атады
Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында толық экономикалық өсім болған
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биыл экономикалық өсу көрсеткіштерін орындаған облыстарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет аймақтардың өсу қарқынын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалайды. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік пен инвестиция бар.
"Барлық 7 негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша өсу алты өңірде – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында байқалады. 6 көрсеткіш бойынша оң өсу Абай және Жетісу, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді", - деді Байбазаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ақтөбе обылысы мен Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша өсім көрсетсе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары 4 көрсеткішті орындап отыр. Ал Атырау облысында 1 көрсеткіш бойынша ғана оң өсім байқалған.
Ресми мәліметке сәйкес, қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,3 проценттік тармаққа жеделдеп, 4,4 процентті құрады.
"Нақты сектордағы өсу 5 процентті құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 4,5 процентке артты. Биыл экономиканың өсуі толығымен мұнай емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Мұнай емес сектордың өсуі шамамен 5,1 процентті құрады", - деп түйіндеді Байбазаров.