АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Ресей елшілігі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Құттықтауда "Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жаңа тарихи жағдайларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді... республика бүгінде күшті, беделді мемлекет, халықаралық аренадағы ықпалды белсенді ойыншы" деп көрсетілген.
"Ресей стратегиялық серіктес, одақтас, жақсы дос және көрші ретінде Қазақстанның әділ көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға, интеграциялық бірлестіктер аясындағы кооперация мен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін құптайды", - делінген құттықтауда.
Ресей елшілігі "бауырлас тәуелсіз Қазақстанға гүлдену мен амандық" тіледі.