https://sputnik.kz/20241216/qazaqstannyn-tauelsizdik-alganyna-33-zhyl-toldy-49295945.html
Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 33 жыл толды
Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 33 жыл толды
Sputnik Қазақстан
1991 жылы 16 желтоқсанда "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылданды 16.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-16T09:00+0500
2024-12-16T09:00+0500
2024-12-16T09:00+0500
тәуелсіздік күні
мереке
https://sputnik.kz/img/239/46/2394665_0:51:6016:3435_1920x0_80_0_0_edd492becf0dce50903749be38d149a1.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атапөтеді. Биыл қазақтың тәуелсіздік алғанына 33 жыл толып отыр.1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.2022 жылдан бастап Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсанда мерекеленеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар сол күні демалады, ал 17 желтоқсанда жұмысқа шығады. Ал бұрын заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан күндері аталып өтетін.Дәстүр бойынша Тәуелсіздік күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен тағылымы мол іс-шаралар өтеді. Әлеуметтік нысандар іске қосылады. Мереке құрметіне қайырымдылық шаралар, спорттық сайыстар ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20241214/politsiya-kusheytilgen-zhumys-rezhimine-koshti-49288985.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/239/46/2394665_442:0:5797:4016_1920x0_80_0_0_ee62f27eeb9c25633060242686be889e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуелсіздік күні, мереке
Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 33 жыл толды
1991 жылы 16 желтоқсанда "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылданды
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атапөтеді. Биыл қазақтың тәуелсіздік алғанына 33 жыл толып отыр.
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.
Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.
1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.
Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.
2022 жылдан бастап Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсанда мерекеленеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар сол күні демалады, ал 17 желтоқсанда жұмысқа шығады. Ал бұрын заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан күндері аталып өтетін.
Дәстүр бойынша Тәуелсіздік күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен тағылымы мол іс-шаралар өтеді. Әлеуметтік нысандар іске қосылады. Мереке құрметіне қайырымдылық шаралар, спорттық сайыстар ұйымдастырылады.