Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Sputnik
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.
Ақмола облысында бүгін кешкі сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты жүк көліктері үшін үш жолдың учаскесі жабылды.
Олар:
1.”Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” жолының 232-260 шақырымы - Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
2.”Жақсы-Есіл-Бұзылық” жолының 71-82 шақырымы - Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
3. “Жезқазған-Петропавл” жолының 536-553 шақырымы - Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін;
Ал Қостанай облысында сағат 17:30-да “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” тас жолының 8-108 шақырымы - Тобыл қаласынан - Әулиекөл ауылына дейінгі учаске жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Екі облыстағы жолдарды 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Құтқарушылар бірқатар өңірде қар көшкіні болатынын ескертті