Құтқарушылар бірқатар өңірде қар көшкіні болатынын ескертті

© Sputnik / Овчинников / Медиабанкке өтуАрхивное фото схода лавины
Архивное фото схода лавины - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аумақтары қар көшкініне неғұрлым бейім.
"Қазгидромет" ауа райы болжамына сәйкес желтоқсан айында таулы аудандарда жауын-шашын нормадан асады деп күтілуде. Қар көшкіні астында қалмау үшін тауға жиналатын әрбір адам тауларда және қар көшкіні кезінде өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті", - ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Ерболат Садырбаев атап өтті.
Көшкін қаупі бар кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін көшкін қауіпсіздігінің мынадай шараларын сақтау қажет:
тауға шығу кезінде ауа райы болжамын есепке алу және маршруттар картасын жасау;
көшкін қауіпсіздігінің негіздерін білмей топ болып сырғанауға және қауіпті аудандарға шықпауға;
көшкінге түскен адамды іздестіруге мүмкіндік беретін көшкінді қабылдап-таратқышты (биперді) өзімен бірге алған дұрыс;
туристiк топтың құрамында көшкiн қаупi бар баураймен қозғалған кезде әрбiр қатысушы көшкiн таспасын белiне байлауы тиiс.
ТЖМ мамандары тау беткейлерінде қардың тұрақсыз болуына байланысты таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды ұсынады.
Лавина в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Құтқарушылар мереке қарсаңында халыққа үндеу жолдады
Жаңалықтар
0