АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Семейде қаласында ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы - тұғырымен қоса алғанда 7,7 метрді құрайды. Мүсіні қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Ескерткіш авторы Нұрбол Қалиев Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсеткен.
Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қойылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев да құттықтау хатын жолдады.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды