Қазақстанда әскери жүктерді тасымалдайтын арнайы вагон шығарылды

2025 жылдың наурызына дейін біз осындай 10 вагон шығарылады
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Шучинск қаласында әскери жүктерді тасымалдауға арналған вагон таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Вагонның жаңа нұсқасын Бурабай локомотив-вагон жөндеу депосы шығарды. Мамандар ескі қарауыл вагондарын қайта жабдықтап, әскери жүктерді тасымалдауға арналған вагон жасады.
Қарулы Күштер Тыл бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Әсет Оразалиннің айтуынша, техникалық талаптарға сәйкес жабдықталған вагондардың іске қосылуы қарауыл қызметін айтарлықтай жақсартады.
"Қолданыстағы келісімшарт бойынша 2025 жылдың наурызына дейін біз осындай 10 вагон аламыз", – деді Оразалин салтанатты шарада.
Вагонда ұйықтайтын орындар, санитарлық торап, киімге арналған бұрыш, пеш және су құятын бөшке бар. Ал техникалық бөлімде қару-жарақ сақтайтын жәшіктер мен оқ өтпейтін қорғағыштар, өрт сөндіру қалқаны, көмір мен құм жәшіктері орнатылған. Вагондағы электр жабдықтар күннен қуат алады.
2029 жылға дейін 1,2 мың вагон сатып алынады