https://sputnik.kz/20241126/2029-zhylga-deyin-12-myn-vagon-satyp-alynady-48814670.html
2029 жылға дейін 1,2 мың вагон сатып алынады
2029 жылға дейін 1,2 мың вагон сатып алынады
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде вагон саны 3 мыңнан асып, тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T22:49+0500
2024-11-26T22:49+0500
2024-11-26T22:49+0500
вагон
https://sputnik.kz/img/1413/41/14134173_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_0fcb9591df2c6c280459cce96f56da29.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. 2029 жылға дейін шамамен 1,2 мың жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Ол қазіргі уақытта локомотив паркінде шамамен 1,8 мың вагон бар екенін атап өтті. Тозу деңгейі – 61%.Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондары паркінде 139 мың вагон бар.Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде "Қазақстан темір жолына" 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған.2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл пайдалануға берілді."Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагоны сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады", — деп түйіндеді Марат Қарабаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1413/41/14134173_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_1cbcbc0a51e14afa893ef93c56411c3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вагон
2029 жылға дейін 1,2 мың вагон сатып алынады
Нәтижесінде вагон саны 3 мыңнан асып, тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. 2029 жылға дейін шамамен 1,2 мың жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол қазіргі уақытта локомотив паркінде шамамен 1,8 мың вагон бар екенін атап өтті. Тозу деңгейі – 61%.
"Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді", — деді Марат Қарабаев.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондары паркінде 139 мың вагон бар.
Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде "Қазақстан темір жолына" 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған.
2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл пайдалануға берілді.
"Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагоны сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады", — деп түйіндеді Марат Қарабаев.