АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Түнде Алматыда бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясынан өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
"4 жеңіл автокөлік тұрған бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнді", - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде боксты сөндіруге және басқа бокстарды қорғауға жұмылдырылды, өрт 220 шаршы метр алаңға шарпыды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.